Басты бет Жаңалықтар Ерболат Досаев азаматтардың қарызын кешіру жұмысының қорытындысы туралы есеп берді

Ерболат Досаев азаматтардың қарызын кешіру жұмысының қорытындысы туралы есеп берді

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасы Ерболат Досаевты қабылдады. Ол Президенттің бұған дейін берген тапсырмаларының қалай орындалып жатқаны туралы есеп берді.

Фото: Тұрар Қазанғапов

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Ерболат Досаев Президентке Ұлттық банк қызметінің және еліміздегі қаржы нарығының соңғы 9 айдағы жағдайы, экономиканы кредиттеудің сапалы өсуін қамтамасыз ету туралы баяндады.

Ұлттық банк төрағасы жеңілдікпен несиелеу бағдарламаларын іске асыру шаралары, екінші деңгейлі банк активтерінің сапасын тәуелсіз бағалау жөнінде де мәлімет берді.

Ерболат Досаев Президенттің қиын жағдайға тап болған азаматтардың тұтыну кредиттері бойынша қарыздарын кешіру, айыппұлдар мен өсімпұлдарды қысқарту жөніндегі тапсырмасы бойынша атқарылған жұмыстардың қорытындысы туралы айтты, — деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық банк төрағасына қаржы секторындағы жұмыстарды тиімді үйлестіруді тапсырды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version