Басты бетЖаңалықтарШвейцария Президенті...

Швейцария Президенті Ули Маурер Қазақстанға келеді

21-22 қараша күндері Қасым-Жомарт Тоқаевтың шақыруымен Швейцария Конфедерациясының Президенті — Қаржы министрі Ули Маурер Қазақстанға ресми сапармен келеді.

Бұл туралы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook-парақшасында жазды.

22 қарашада  «Ақорда» резиденциясында шағын және кеңейтілген құрамда келіссөздер өткізіледі деп жоспарланған. Келіссөздер барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және гуманитарлық салалар бойынша екіжақты ынтымақтастықтың ахуалы мен перспективалары талқыланады, — деп жазды Берік Уәли.

Сонымен бірге Ули Маурер Қазақстан Үкіметінің басшылығымен кездеседі және екі елдің іскерлік топтарының қатысуымен өтетін дөңгелек үстелде сөз сөйлейді деп жоспарланған.