Аптаның алғашқы күні ауа райы қандай болады?

Еліміздің көп өңірінде жел күшейеді, тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, солтүстік пен шығыста көктайғақ болады.

«Қазгидромет» синоптиктерінің болжамына қарағанда Ақмола, Павлодар облыстарында тұман түседі, жаяу бұрқасын соғады, жел екпіні секундына 15-20 метрге күшейеді. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарында бұрқасын соғады, көктайғақ болады, жел екпіні секундына 15-20 метрге жетеді. Солтүстік Қазақстан, Жамбыл, Түркістан, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарында күн тұманды болады. Қарағанды, Жамбыл облыстарында екпіні секундына 15-20 метрге жететін жел соғады. Қостанай облысының кей жерінде көктайғақ болады.