Energyprom.kz мамандары әсіресе балалар аяқкиімі ерекше қымбаттағанын айтып отыр, баға бірден 9,4% өскен. Ерлер аяқкиімі 8,6%, әйелдер аяқкиімі 8,2% қымбаттады.
Баға жылдық инфляцияның жалпы деңгейі бұл кезеңде 5,2% болғанның өзінде көтеріліп отыр. Мамандардың мәліметінше, аяқкиім бағасының шарықтауына нарықтың осы сегментінің импортқа әбден тәуелді болуы себеп. 2019 жылдың қаңтар-тамызында Қазақстанның аяқкиім өндірушілері ішкі нарық сұранысының 2,3%-ін ғана өтеген.
Импорт бірден 23,9% өсті. Оған сұраныс азаяр емес: ішкі нарықта аяқкиім 19,7% көп сатылған.
Биылғы 9 айда Қазақстанда аяқкиім өндірісі 9,2% өсті, 805,9 мың жұп аяқкиім өндірілді. Өндірілген аяқкиімнің 580,8 мың жұбы былғарыдан. Былғары аяқкиім өндірісі бір жылда 8,6% артқан.