Тест: “Рухани жаңғыру” бағдарламасынан не білесіз?

Нұрсұлтан Назарбаевтың мақаласы негізінде "Рухани жаңғыру" бағдарламасының іске асырыла бастағанына 2 жылдан асты. Бағдарлама бойынша не істелді? Бірге шолу жасап, тест тапсырып көріңіз.

0%

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы негізінде қазақ мәдениетін жаңғыртуға бағытталған қандай басылым жарық көрді?

Дұрыс! Қате!

“Бо­лашаққа бағдар: рухани жаң­ғыру” мақаласы негізінде шыққан жаңа ба­сылым – “Рухани жаңғыру” журналы.

Мақалада көрсетілген “Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық” жобасы қандай нәтиже береді?

Дұрыс! Қате!

“Бұл бағдарлама арқылы ең алдымен, жүз мыңдаған студентке жаңа сапалық деңгейде білім бере бастаймыз. Оған қоса, жаңа мамандар ашықтық, прагматизм мен бәсекелік қабілет сияқты сананы жаңғыртудың негізгі қағидаларын қо­ғам­да ор­нықтыратын басты күшке айналады. Осылайша болашақтың негізі білім орда­ларының аудиторияларында қаланады” (“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласынан үзінді).

“Рухани жаңғыру” бағдарламасына кейін қосылған жобаны атаңыз?

Дұрыс! Қате!

Нұрсұлтан Назарбаевтың 2018 жылғы 5 қазандағы Жолдауынан соң бағдарлама аясында “Ауыл – ел бесігі” жобасын іске асыру қолға алынды.

2017 жылы “Туған жер” жобасына меценаттар қанша қаражат жұмсады?

Дұрыс! Қате!

“Меценаттар есебінен 51 миллиард теңгеден астам демеушілік көмек алынды”. 2018 жылы Үкіметтің кеңейтілген отырысында сол кездегі Премьер-министр Бақытжан Сағынтаев жобаны осылай қорытындылады.

2025 жылға дейін орындалуға тиіс тапсырманы көрсетіңіз?

Дұрыс! Қате!

“2025 жылға қарай іс қағаздарын, мерзімді баспасөзді, оқулықтарды – бәрін де латынға негізделген жаңа әліп­бимен басып шығара бастауға тиіспіз” (“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласынан үзінді).

“Туған жер” жобасы аясында алғашқы жылы барлығы қанша нысан қолданысқа берілді?

Дұрыс! Қате!

“Туған жер” жобасы алғашқы бір жыл ішінде (2017 жыл) барлығы 1 438 нысан қолданысқа берілді.

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы алғаш іске асырылған жылы оның қай жобасы бойынша жеңімпаздарды анықтауға интернет қолданушылары ерекше белсенді қатысты?

Дұрыс! Қате!

2017 жылы “Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасы жалпыхалықтық онлайн дауыс беру арқылы 102 жеңімпазды анықтады.

Нұрсұлтан Назарбаев “Рухани жаңғыру” бағдарламасы арқылы қазақ мәдениетін әлемге танытуға ерекше үлес қосатын мереке” деп қай күнді айтты?

Дұрыс! Қате!

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы арқылы ұлттық мәдениетімізді әлемге танытуға Домбыра күні ерекше үлес қосады” (Елбасының домбыра күнінің ашылу салтанатында айтқан сөзі).

“Қазақстанның 100 жаңа есімі” жобасының мақсаты қандай?

Дұрыс! Қате!

“Бұл жоба ақылымен, қолымен, дарынымен за­манауи Қазақстанды жасап жатқан нақты адам­дар­ды қоғамға таныту үшін бағытталғаны жөн” (“Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласынан үзінді).

Бағдарлама аясында “Күлтегін” ғылыми-танымдық деректі фильмін түсіруді қандай телеарналар қолға алды?

Дұрыс! Қате!

“Рухани жаңғыру” бағдарламасы аясында “Күлтегін” ғылыми-танымдық деректі фильмін түсіруді National Geographic, Viasat History, Discovery арналары қолға алды.

Тест: “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” мақаласында не айтылып еді?
Қап, әттеген-ай! Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласын міндетті түрде оқыңыз. Бұл әр қазақстандық үшін маңызды.

Жаман емес. Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласын оқып шықсаңыз, артық болмайды.

тест жаман емес

Жарайсыз! Нұрсұлтан Назарбаевтың “Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру” атты мақаласында айтылған міндеттерді ұмытпаңыз.

Жарайсың!

Әлеуметтік желіде бөлісу: