Қасым-Жомарт Тоқаев Қытай компаниясына бірнеше міндет жүктеді

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Президент Қазақстан-Қытай арасындағы тату көршілік қарым-қатынастардың қарқынды дамып келе жатқанын айтып, еліміздің әлеуметтік-экономикалық өрлеуіне CNPC компаниясының қосқан үлесін жоғары бағалады.

CNPC компаниясы мұнай өндіру, өңдеу, көмірсутегін тасымалдау салаларында еңбек етеді. Сіздің корпорация жүзеге асырып жатқан жобалар Қазақстан экономикасында аса маңызды роль атқарады, — деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент CNPC басшылығының алдына Қазақстан жұмысшыларының жалақысын көтеру, олардың айлығын шетелдік жұмысшыларға төленетін еңбекақы деңгейімен теңестіру, тауар сатып алу және қызмет көрсету ісінде қазақстандық өнімнің үлесін арттыру жөнінде бірқатар міндет қойды.

Ван Илинь қолдау көрсеткені үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа алғыс айтып, компанияның алдына қойылған өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі дамытуға қатысты міндеттерге түсіністікпен қарайтынын жеткізді.