Балалар колониясында жазасын өтеушілер Абай өлеңдерін оқыды

Жазасын өтеп жатқан жасөспірімдер ұлы ақынның «Қара сөздерін» оқып, ақын шығарған әндерді шырқады. Қатысушыларға Жетісу ауданының әкімдігі ақынның кітабын сыйлады.

ЛА-155/6 балалар колониясының басшысы Ертай Шәкенов колония кітапханасына Абай Құнанбайұлы өлеңдері жинақталған 100 оқулық табысталғанын айтты. Кітаптар қазақ және орыс тілдерінде.

Сотталғандар Абайдың өлеңдерін қалай түсінгенін айтып берді. Бұл шараны биыл бірінші рет ұйымдастырып тұрмыз. Осыған ұқсас тағы бірнеше шара өткізуді жоспарлап отырмыз. Келер жылы Абайдың туғанына 175 жыл толуына орай ақынға арналған кештерді жиі өткіземіз, — деді Ертай Шәкенов.

ДереккөзAlmaty.tv