Алматы әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, мерейтой «Марат Оспанов өмірінің кодексі» деректі фильмін көрсетуден басталды.
Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев Марат Оспановтың айрықша саяси көреген кісі болғанын айтты.
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіне алғаш төрағалық еткен уақытында Марат Тұрдыбекұлы терең білімін көрсетті. Сол бір ауыр кезде елдің болашағы үшін жаңа заңдар қабылдау өте маңызды еді. Марат Тұрдыбекұлы өміршең заңдардың қабылдануына тікелей жауап берді және оларды дер кезінде жүзеге асыра білді, — деді Бақытжан Сағынтаев.
Салтанатты кеште №4 зағип және нашар көретін балалардың мектеп-интернатының халық аспаптары оркестрі «Өрлеу» күйін орындады. Оркестрге Серік Нұртазин дирижер болды. Осы мектеп-интернаттың түлегі Ерхат Тәжібаев «Дударай» әнін орындады. Шарада Абай атындағы опера және балет театрынының артистері де өнер көрсетті.
Марат Оспанов 1949 жылы Ақтөбеде туған. Ол — парламентаризмнің, көппартия жүйесі мен Қазақстандағы демократияның негізін қалаушылардың бірі. Бірнеше мәрте Қазақ КСР Жоғарғы кеңесінің депутаты болды, қаржы, салық саласы мен құнды қағаздар комиссиясын да басқарған. 2000 жылы Алматыда дүниеден өтті.