Естеріңізге салайық, Қазақстан мен Румыния құрамасы Әлем чеспионатының іріктеу кезеңінің үшінші айналымындағы матчта 0:0 есебімен тең түскен еді.
«Әрине, қарсыласың әр ойында аяғыңнан шалып тұрғаны қатты ашуыңды келтіреді. Бұл өзі қызық, дұрыс емес ойын болды. Бірақ, Армениямен ойнаған матчпен салыстырғанда, әлдеқайда қиын еді. Оның үстіне, олар Черногориядан 0:5 есебімен жеңіліп келіп отыр. Бұған дейін поляктармен ойынның 2:2 есебін ескерсек, 0:0 – жақсы көрсеткіш. Бұл тең ойын үшін Қазақстан құрамасының әр ойыншысы 20 мың доллардан, я болмаса, 10 мен 20 мың аралығында алады деп ойлаймын», — деді Андоне.