ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараның мақсаты — жастардың бойына адалдық, әділдік, парасат, сенім сияқты қасиеттерді сіңіріп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру. Шара Жастар жылы аясында өтті.
Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің басшылығы мен қызметкерлері, агенттіктің аумақтағы департаменттері мен «Адалдық алаңы» жоба кеңсесінің мамандары, Nur Otan партиясының, «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының мүшелері, жастар және үкіметтік емес ұйымдарының жетекшілері, қоғам белсенділері қатысты.
Кездесуде спикерлер өз тәжірибесін және парасат, адалдық, адамгершілік туралы айтты.
Агенттіктің орталық аппаратының қызметкерлері Нұр-Сұлтандағы 86 мектепке барды. Еліміздің басқа аймақтарындағы агенттік департаменттері де осындай жұмыс атқарды.