Нұр-Сұлтандағы такси парктеріне жеңілдетілген несие беру ұсынылды

Алмат Жүнісовтың айтуынша, такси қызметі — дамуға мүмкіндігі бар сала.

Қызмет көрсету секторында бір орында тұрып қалған, бірақ дамытуға болатын салалар бар. Соның бірі — такси саласы. Қазір қаланың сұранысы — 3,5 мың автомобиль. Солай бола тұра қалада тек 735 такси бар. Такси саласындағы отандық автомобильдерді кәсіпкерлердің, такси компанияларының сатып алуына мүмкіндік беруге болады. Ол үшін жеңілдетілген қаржыландыруды енгізіп, такси саласындағы кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасын әзірлеу ұсынылады, — деді Алмат Жүгінісов.

Оның айтуынша, бұл жаңа жұмыс орындары ашылып, бизнестің көлеңкеден шығуына, салық түсімінің артуына әсер етеді.

Елордада 129 мың шағын және орта бизнеспен айналысатын адам бар. Олар аймақ өнімінің 58,8%-іне тең. Бұл көрсеткіш — Қазақстан аймақтарының ішіндегі ең жоғарысы. Соңғы 7 айда елорда бюджетіне түскен салықтың 62%-ін шағын және орта бизнес өкілдері төлеген.

ДереккөзKursiv.kz