ҚР Үкіметінің қаулысымен Еңбек кодексінің 85-бабының 3-тармағы бойынша және жұмыс уақытын ұтымды пайдалану үшін 2020 жылы демалыс күндерін ауыстыру кестесі бекітілді. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметі хабарлады.
Демалыс күндері: 2020 жылдың 5 қаңтары — жексенбіден 2020 жылғы 3 қаңтар — жұмаға; 2020 жылдың 11 мамыры — дүйсенбіден 2020 жылдың 8 мамыры — жұмаға; 2020 жылдың 20 желтоқсаны — жексенбіден 2020 жылғы 18 желтоқсан — жұмаға ауыстырылсын, — делінген Үкімет қаулысында.
Қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбенің 10 күні өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Еске салайық, бұған дейін 2019 жылдың желтоқсанында Қазақстан азаматтарына қанша күн демалыс берілетіні хабарланған еді.