Алматыда Рәбиға Сыздықтың 95 жасы тойланды

Алматыда «Ұлы даланың көрнекті есімдері: академик Рәбиға Сыздық және қазақ сөзінің көркемдігі» тақырыбында халықаралық ғылыми-теориялық конференция өтті.

Конференцияда АҚШ-тың, Түркияның, Өзбекстанның, Қырғызстанның, Ресейдің және басқа да шет елдердің жетекші лингвист ғалымдары қазақ тілінің жаңа бағыттарын дамыту, латын графикасы негіздерін жетілдіру, қазақ әдеби тілінің тарихы мен түркология мәселелерін зерттеу, сөйлеу мәдениеті және лингвостилистика тақырыптарын қозғады.

Рәбиға Сыздық 1924 жылы Ақтөбе облысында туған. Тілтанушы, түркітанушы, филология ғылымдарының докторы (1971 жыл), профессор (1989 жыл), Қазақстан Республикасының ұлттық ғылым академиясының мүшесі (1979 жыл). Ол Ахмет Байтұрсынов атындағы Тіл білімі институтында аға ғылыми қызметкер болып жұмыс істеді. Оның жетекшілігімен қазақ әдеби тілі мен қазақ сөйлеу мәдениетін дамыту мәселесі бойынша зерттеу жүргізілді. 130-дан астам ғылыми еңбек жазған.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жазда Рәбиға Сыздықты І дәрежелі «Барыс» орденімен наградтау туралы жарлыққа қол қойған еді. Жарлық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

ДереккөзInform.kz