Алматыда велоәуесқойлар спорт сенбілігін өткізді

Сенбілікті Алматы әкімдігінің қолдауымен «Бірінші болу — батылдық!» корпоратив қоры ұйымдастырды. Бұл туралы «Алматы марафон» жобасының Instagram-парақшасында жазылды.

Велоәуесқойлар Инновация технологиялар паркінің арнайы экономика аймағына жақын аумақты тұрмыс қалдығынан тазартып шықты. Бұл жерде триатлоншылар мен велосипед иелері жаттықтығу өткізеді. Ұйымдастырушылар қолғап, қоқыс пакеті мен су ұсынды.

Сенбілікке қатысушылар жиі кездесетін кәмпит қабығына, бөтелкелер мен пластик қоқысына қоса құрылыс материалдары мен тұрмыс қалдығына толы сөмкелерді жинады. Бұл қоқысты адамдар жартастарда, бұталардың түбі мен жол бойына тастап кеткен, — деп жазылған «Алматы марафон» Instagram-парақшасында.

Жиналған тұрмыс қалдығы қайта өңдеуге жіберіліп, қалғаны жойылады.

View this post on Instagram

Сегодня провели спортивный субботник! Благодарим всех, кто приехал и помог очистить излюбленное место тренировок велосипедистов города! Благодарим акимат города Алматы, акимат Медеуского района @akimat_medeu, Управление спорта и лично Байсеитова Рустема Салимовича @rustembai, а также @kazakhstan_waste_recycling_kwr за поддержку! На небольшом участке мы собрали более 30 мешков перерабатываемых и ещё 80 мешков неперерабатываемых отходов. Так, кроме распространенных (обертки от конфет, бутылки, пластиковый мусор), собрано много мешков со строительными материалами и обычных заполненных бытовым мусором пакетов, которые люди просто оставляют, проезжая мимо, в оврагах, кустах и на обочине. Нам очень повезло жить в таком красивом городе. Давайте для себя же оставим больше чистых и красивых мест для тренировок и отдыха!

A post shared by Алматы марафон (@almatymarathon) on