Әуезов ауданының әкімі қарияларды Қарттар күнімен құттықтады

Алматының Әуезов ауданының әкімі Сайран Сайфеденов қарияларды мерекемен құттықтап, ел алдында сіңірген еңтбектеріне алғыс білдірді.

Сіздермен жүздесудің сәті түсіп отырғанына қуаныштымын. Халқымыз үлкенді құрметтеген. Ардагерлерге барынша көңіл бөлуге тырысып келеміз. Кешегі сұрапыл соғыста кейінгі ұрпақ бейбіт заманда өмір сүрсін деп жастық пен денсаулықты сарп еттіңіздер. Соғыстан кейінгі аса ауыр жылдары ел іргесін бекітуге еңбек еттіңіздер. Майдангер азаматтардың киімінен бастап тамағына дейін қамтамасыз еткен тыл ардагерлерінің де еңбегі орасан, — деді аудан басшысы құттықтау сөзінде.

Аудан әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, шараға ауданның ардагерлер кеңесі төрағасы Бәтима Ибраева, қала мен аудан ардагерлер кеңестерінің басшылары қатысты.