Алматының Әуезов ауданында әкімдік қарияларды құттықтады

Олар қарияларды Қарттар күнімен құттықтады. Бұл туралы ауданның баспасөз қызметі хабарлады.

Мамандар қарттарға елдің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін алғыс білдіріп, арнайы сыйлық табыстады. Өз кезегінде қариялар аудан басшыларына батасын берді.

Айтай кетейік, қарияларды үйіне барып құттықтау шарасы Қарттар айлығы аясында жүзеге асып жүр.  Аайлық Қарттар күніне орай ұйымдастырылып, бір айға созылады.