Мас күйде көлік айдағандардың жазасы қалай қатайтылады?

Жексенбі күні Қазақстан Президенті көлікті мас күйде айдағандарға жазаны қатаңдату қажет екенін айтқан еді.

ҚР Ішкі істер министрінің бірінші орынбасары Марат Қожаев Мәжілістегі отырыс кулуарында көлікті мас күйде айдағандардың жазасы қалай күшейтілетінін айтты.

Мемлекет басшысының тапсырмасын, заңнамада қалыптасқан олқылықтарды ескере отырып, бұл баптар бойынша санкцияларды қатайту мүмкіндігін зерттеп жатырмыз. Азаматтардың көлікті куәліксіз жүргізетін, заң бұзғаны үшін көлік жүргізу құқығынан айырылғаннан кейін де автокөлікке отыратын жағдайлары көп, – деді ол.

Бірінші вице-министрдің айтуынша, ведомство қазіргі уақытта Ресей мен Беларусь заңнамаларының осындай қылмыстарға қатысты баптарын қарап жатыр.

Беларусь заңнамасында белгілі бір заңсыздық жасап, жауапқа тартылғаннан кейін де автокөлік айдағандардың көлігін тәркілеу қарастырылған. Біз де осыны енгізуіміз мүмкін. Белгілі бір құқықбұзушылықтар бойынша санкцияларды қатайтамыз, бұл ең әуелі заңсыздық жасап, көлікті мас күйінде жүргізіп, жүргізуші куәлігінен айырылса да, көлік айдап жүргендерге қатысты болады, – деді Марат Қожаев.

Бұған дейін Қасым-Жомарт Тоқаев көлікті мас күйде айдағандарға жазаны қатаңдатуды тапсырған еді.

Заңға өзгерту енгізуді тапсырдым: алкогольді ішімдіктердің кез келген түрін ішкен күйінде көлік жүргізгені үшін, сонымен бірге мал ұрлығы үшін берілетін жазаны қатаңдату қажет, – деп жазды Президент Twitter-де.

ДереккөзZakon.kz