Басты бет Жаңалықтар Сенбі және жексенбі күндері ауа райы қандай болады?

Сенбі және жексенбі күндері ауа райы қандай болады?

Мамандар бұған дейін еліміздің батысы мен солтүстігінің ауа райын қалыптастырған Атлантиканың жылы да ылғал ауасының демалыс күндері қалған аумаққа қалай ықпал ететінін хабарлады.

Алматыдағы күз. Фото: Айгүл Хожантаева

«Қазгидромет» кәсіпорнының синоптиктері алдағы демалыс күндері нормадан тыс жылы болатынын хабарлады.

Мамандардың болжамына қарағанда 26-28 қазан күндері белсенді циклондар Батыс Сібір арқылы үлкен жылдамдықпен өтіп, ал оның атмосфералық фронттары Қазақстанның солтүстік жартысының кей жерінде жауын-шашын мен желдің күшеюіне себеп болады.

Республиканың оңтүстік жартысындағы ауа райына бұрынғыдай антициклон ықпал етеді, сондықтан күн аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.

Синоптиктердің мәліметінше, бұған дейін Атлантикадан жылы әрі ылғал ауа массасының батыс ағымдарымен жылжуы еліміздің батыс және солтүстік облыстарында ауа температурасының климат нормасынан 6-11 градус жоғарылауына себеп болды. Енді алдағы демалыс күндері жылу Қазақстанның қалған аумағына тарайды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version