Басты бет Жаңалықтар Қазақстанның барлық өңірінде күн жылиды

Қазақстанның барлық өңірінде күн жылиды

"Қазгидромет" кәсіпорнының мамандары 24-26 қазан күндері ауа райы қандай болатынын хабарлады. 

Фото: Айгүл Хожантаева

Синоптиктердің болжамына қарағанда алдағы үш тәулікте елімізде жауын-шашын болады, бірақ температура жоғарылайды.

Қазақстанның оңтүстік облыстарында антициклонның ықпалынан күн аздап бұлттанғанымен жауын-шашын болмайды. Алдағы үш тәулікте республиканың солтүстік және шығыс облыстарында атмосфералық фронттарға байланысты жауын-шашын жауып, тұман түседі және көктайғақ болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» РМК баспасөз қызметі.

Бейсенбі, жұма және сенбі күндері батыс желі күшейіп, бұрқасын да соғады.

Тропосферада Атлантикадан жылы да ылғал ауа әкелетін батыс ағындары қалыптасқандықтан Қазақстанның барлық аумағында ауа температурасы көтеріледі деген болжам бар. Бұл осы кезең үшін әдеттегіден 2-5 градус жоғары болады, — деп хабарлады синоптиктер.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version