«Қазгидромет» кәсіпорнының синоптиктері алдағы демалыс күндері нормадан тыс жылы болатынын хабарлады.
Мамандардың болжамына қарағанда 26-28 қазан күндері белсенді циклондар Батыс Сібір арқылы үлкен жылдамдықпен өтіп, ал оның атмосфералық фронттары Қазақстанның солтүстік жартысының кей жерінде жауын-шашын мен желдің күшеюіне себеп болады.
Республиканың оңтүстік жартысындағы ауа райына бұрынғыдай антициклон ықпал етеді, сондықтан күн аздаған бұлтты және жауын-шашынсыз болады, — деп хабарлады «Қазгидромет» мамандары.
Синоптиктердің мәліметінше, бұған дейін Атлантикадан жылы әрі ылғал ауа массасының батыс ағымдарымен жылжуы еліміздің батыс және солтүстік облыстарында ауа температурасының климат нормасынан 6-11 градус жоғарылауына себеп болды. Енді алдағы демалыс күндері жылу Қазақстанның қалған аумағына тарайды.