22-24 қазан күндері ауа райы қандай болады?

Қазақстан аймағына келген антициклон республиканың солтүстік бөлігінде ауа температурасының минус 8-13 градусқа дейін төмендеуіне әсер етті. «Қазгидромет» РМК мамандарының мәліметінше, соның салдарынан жауын-шашын да тоқтады.

Алдағы үш күнде ауа температурасы жоғарылайды және атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты республиканың тек қиыр солтүстігі мен батысында жауын-шашын болуы мүмкін, — делінген «Қазгидромет» хабарламасында.