Басты бетЭкономикаЕлордадағы теміржол...

Елордадағы теміржол ауруханасын салуға Түркия инвесторлары тартылды

Нұр-Сұлтан әкімі Алтай Көлгінов құрылыс саласында танымал YDА Group компаниясының директорлар кеңесі төрағасы Арслан Хусейнмен кездесті. Екі тарап астанада салынатын орталық теміржол ауруханасының құрылысын талқылады. Аурухана құрылысы келер жылы басталады. Ғимарат әлемдік стандарттарға сәйкес заманауи медициналық жабдықтармен қамтылады.

Нұр-Сұлтан әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, аудан тұрғындарына қолайлы болу үшін аурухана Сарыарқа ауданында орналасады.

Айта кетейік, мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы одан әрі дамыту жөніндегі кеңесте орталық теміржол ауруханасының ғимараты ескіріп, апатты жағдайда екендігін атап өтті. Ғимарат 60 жыл ішінде бірде-бір рет күрделі жөнделмеген.