Алғашқы бірнеше жыл газ қымбаттау болады. 2020 жылы алғашқы бес жылға тариф бекітіледі. Осылайша 2025 жылға дейін баға тұрақты болмақ. Кейін газ арзандауы мүмкін, — деді Ернат Бәзіл.

Басқарма басшысы міндетін атқарушының айтуынша, Алматыда газдың текше метрі басында 32 теңге болып, кейін 29 теңгеге дейін арзандаған. Нұр-Сұлтанда газ тасымалын бірге есептегенде текше метрі 46-48 теңге болады.

Ауданы 120 шаршы метр болатын жеке үйді есептеп көрсек, ол айына шамамен 1 000-1 200 текше метр газ тұтынады, яғни айына 46-48 мың теңге шығады, — деді Ернат Бәзіл.

Ернат Бәзіл тарифті монополияға қарсы комитет бекітетінін ескертті. Газбен жылыту бағасы әлі нақтыланады.

Бүгінгі таңда газды пайдалануға беру мәселесі де шешілген жоқ. Тәжірибе бойынша газбен қамтылған тоғыз аймақта оны тұрғындарға жеткізу мәселесімен «ҚазТрансГаз» компаниясы айналысады. Бірақ біз Нұр-Сұлтанда онымен айналысатын мемлекеттік коммуналдық кәсіпорын құрғымыз келеді. Осы ұйым арқылы газды тасымалдау бағасын қадағалай аламыз, — деді Ернат Бәзіл.