Сол себепті қолданбайтын банк картасын жауып тастаған дұрыс. Мұны бізге Halyk Bank қызметкерлері айтып берді.
Банк клиентіне әуелі қаржы ұйымынан шот ашылады. Содан кейін пластик карта беріледі. Картаның қолдану мерзімі бітсе де, шот ашық тұра береді.
Егер картаны қолданып жүргенде қандай да бір қызмет қосылса, кейін оны пайдаланбасаңыз да комиссия ұсталады. Өйткені шотыңыз ашық тұр. Мысалы, картаны қолданғаныңыз үшін айына 150 теңгеден немесе 70 теңгеден комиссия ұстап отыратын карталар бар. Егер картаңыздың ішінде қаражат болмаса, комиссияның немесе қызметтің ақысы минус таңбасымен алына береді, — дейді Halyk Bank қызметкері.
Банк қызметкерінің айтуынша, клинет бұл соманы төлеуге міндетті.
Клиенттерге қолданбайтын картаны банк бөлімшесіне апарып, жауып тастау керек екенін үнемі ескертеміз. Егер шотыңызды жапқыңыз келсе, әуелі барлық қызмет пен комиссия үшін ұсталатын соманы төлейсіз. Содан кейін ғана шот пен картаны жабу туралы өтініш бересіз. Картаны немесе шотты жабу тек клиенттің өтінішімен жүзеге асады. Егер картаның қолданылу мерзімі аяқталса, клиентке жаңа карта лезде дайындалады. Сол себепті артық ақша төлемеу үшін оны міндетті түрде жауып тастау керек, — дейді Halyk Bank өкілі.