2024 жылғы Олимпиаданың логотипі белгілі болды

Ұйымдастыру комитеті Парижде өтетін 2024 жылғы жазғы Олимпиада және Паралимпиаданың логотипін ұсынды.

Медаль, от, Марианна. Париждегі Олимпиада мен Паралимпиаданың жаңа келбеті, — деп жазды Ойындарды ұйымдастыру комитеті Twitter-дегі парақшасында.

Логотип түсі мен пішіні ең әдемі медальді көрсетеді. Ол спорттағы басты құндылық — шеберлікке ұмтылуды білдіреді. Олимпиада және Паралимпиада оты әрқашан ерекше естеліктерді еске салады. Жалын бізді армандауға, Олимпиаданы және Паралимпиаданы ұйымдастырудың жаңа жолын іздеуге шақырады. Әрине, Марианна. Эмблема әлемге әйгілі француз ұлттық символы болған әйелге құрметті көрсетеді, — делінген Халықаралық Олимпиада комитетінің сайтында.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, 2024 жылғы Олимпиада 26 шілде мен 11 тамыз, Паралимпиада 28 тамыз бен 8 қыркүйек аралығында өтеді.