Басты бет Жаңалықтар Алматыда Махатма Гандидің 150 жылдығы аталып өтті

Алматыда Махатма Гандидің 150 жылдығы аталып өтті

Алматыда Үндістанның саясат және қоғам қайраткері Махатма Гандидің 150 жылдық мерейтойына орай үнді халқы әкесінің ескерткішіне гүл қойылды.

Фото: Алматы әкімінің баспасөз қызметі

Алматы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, шараға Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі өкілдері мен Үндістан елшілігі қатысты.

Шарада Махатма Ганди атындағы №92 мамандырылған лицейдің оқушылары арасында өткен сурет байқауының қорытындысы шықты. Үздік жас суретшілерге түрлі сыйлық табысталды.

Мохандас Карамчанд Гандиді шәкірттері оны Махатма (ұлы жан) деп атаған. Осы лақап атымен әлемге танымал. Ол халқын Үндістанды қарулы көтеріліс пен төңкеріссіз, зорлық-зомбылықсыз ағылшындардан азат етуге шақырды.  Осы бастамаға Махатма Ганди миллионнан астам үнділерді біріктіре алды.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version