Басты бет Жаңалықтар АҚШ Қазақстанның Сириядан азаматтарды әкелу ісін жоғары бағалады

АҚШ Қазақстанның Сириядан азаматтарды әкелу ісін жоғары бағалады

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Майкл Помпео ҚР Сыртқы істер министрлігі Бейбіт Атамқұловпен кездесті.

Майкл Помпео мен Бейбіт Атамқұлов. Фото: ҚР СІМ баспасөз қызметі

Ведомствоның баспасөз қызметінің хабарлауынша, Майкл Помпео АҚШ пен Қазақстан арасындағы стратегиялық әріптестіктің нығаюына түпкілікті қолдау мен Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Үкіметімен екіжақты қатынастарды одан әрі нығайтуға сенім білдірді.

Мемлекеттік хатшы Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың АҚШ-тың Қазақстандағы саяси қатысуын кеңейту туралы жуырдағы мәлімдемесі мен Қазақстан халқының негізгі бостандықтарын қорғауды күшейту туралы әрекеттерін қуана қабылдағанын айтты. Ол Қазақстанның Сириядағы азаматтарын репатриациялау мен реинтеграциялаудағы жетекшілігін жоғары бағалап, бұл тәжірибені өзгелермен бөлісуге үндеді.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Қазақстанның Ауғанстандағы берік бейбітшілікті қолдауына да жоғары баға берді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version