Басты бетМәдениетАлматыда Бақытжан...

Алматыда Бақытжан Әбішевтің мемориал көрмесі ашылды

Білдек жанры шебері Бақытжан Әбішевтің жұмыстары Қазақстан мен шетел музейлеріне қойылған. Лозаннадағы Олимпиада комитетінің штаб-пәтерінде «Олимпиец», Германиядағы жеке коллекцияда «Күйші», Мәскеуде «Томирис» сияқты туындылары бар.

Мүсінші Атырауда Махамбеттің 200 жылдық мерейтойына арнап қазақ халқының кемеңгер ұлдары Махамбет Өтемісов пен Исатай Таймановтың ат үстіндегі ерекше монументін жасаған.

Автор туындыларында түрлі композициялық және живописті пластика әдістерін қолданады. Оның «Ана портреті», «Уран», «Құлагер», «Ұмай», «Томирис», «Беташар», «Бүркітші», «Батыр» сияқты еңбектері кеңінен танымал.

Алматы әкімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, көрме 2019 жылдың 30 қазанына дейін жалғасады.

Бақытжан Әбішев 1970 жылдан бері студенттік, республикалық, бүкілодақтық және халықаралық көрмелерге қатысып келеді. Ол Алматыдағы Жамбыл Жабаев пен Тоқаш Бокинің, Жаңақорғандағы Екінші дүниежүзілік соғыс құрбандарының, Ақтөбедегі Әлия Молдағұлованың, Баянауылдағы Бұхар жыраудың, Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының, Сұлтанмахмұт Торайғыровтың, Қарағандыдағы Сәкен Сейфуллин ескерткішінің авторы. Мүсінші Алматыдағы Әбу-Насыр әл-Фарабидің, Махамбет Өтемісұлының, Күләш Байсейітованың, жазушы Әди Шәріповтің, Астанадағы Ата Түрік пен Жаяу Мұсаның бюстерін жасаған.