Қуанышбек Мұқанғалиев оркестрдің қазақтың музыка мәдениетін бүкіл әлемге танытқанын атап өтті.
Құрманғазы оркестрі – Қазақстанның аспапты музыкалы өнер тарихындағы алғашқы әрі бірегей оркестр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев оркестрді «қазақ өнерінің жауһары» деп атады. Құрманғазы оркестрі дүниежүзіне ұлы даланың баламасы жоқ әуезді әуенін, қазақтың ерекше музыка аспаптарын таныстырды, — деді Қуанышбек Мұқанғалиев.
Алматы әкімінің баспасөз орталығының хабарлауынша, ұжымның мерейлі жасына арналған салтанатты кешке КСРО халық артисі Бибігүл Төлегенова, Қазақстан Республикасының халық артисі Нұрғали Нүсіпжанов, Мақпал Жүнісова, Алтынбек Қоразбаев, Нұржамал Үсенбаева, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткерлері Сүндет Байғожин, Тамара Асар, Айгүл Қосанова, Сәкен Майғазиев және басқа да өнер жұлдыздары қатысады.