Eurasian Resources Group (ERG немесе Топ) — табиғи ресурстарды өндіру мен байыту саласындағы әлемдегі жетекші компания. Топ 4.0 Индустриясы талаптарына сай өнім өндіруге даярлықты бастады. Өндіріс процесін басқарудың бірыңғай жүйесін енгізуді де қолға алып жатыр. Топ Қазақстанда Астана халықаралық қаржы орталығымен және Astana Hub халықаралық ІТ-стартаптар технопаркімен әріптестік орнатқан.

Топ кәсіпорындары орналасқан аймақ әлеумет-экономика жағынынан дами түсіп, жергілікті қауымдастықтардың әл-ауқаты арта бастаған. Компания Қазақстандағы 11 STEM-зертханалаға қолдау білдіреді. Оның бәрін салуға $235 мың жұмсаған. Онда бүгінде 9000 оқушы білім алып жатыр. Бұған қоса, компания «Студенттер кәсіпкерлігінің экожүйесі» жобасы аясында жастарға жаңа жұмыс орындарының ашылуына көмектесті. Бұл бастама елдің тоғыз жоғарғы оқу орны мен колледждерінде жүзеге асырылып жатыр. Жобаға 5студент қатысады.

Компания Қазақстандағы «ақылды қалаларға» қолдау білдіреді. Топ жергілікті өндірушілерден $918 миллион тұратын тауар сатып алып, әлеуметтік жобаларға $108 миллион инвестиция құйған.

Инфографика, 2018 жылғы Орнықты даму жөніндегі есеп
2018 жылғы Орнықты даму жөніндегі есеп. Инфографика: Eurasian Resources Group

ERG мойнына алған жауапты бизнес міндеттемелері түрлі өңір мен саладағы қоршаған ортаға тигізер залалды да барынша төмендетуді, тіпті, болдырмауды көздейді. 2018 жылы ERG атмосфералық ауаға шығарындыларды азайтуды көздеген ұзақмерзімді Стратегия әзірледі. Ол Топтың Қазақстандағы кәсіпорындарының ауа сапасының еуропалық стандарттарын қамтамасыз етуіне көмектеседі. 2016-2020 жылдарды қамтитын энергетика тиімділігін арттыру бағдарламасы аясында ERG кәсіпорындары электр қуатын тұтыну мөлшерін айтарлықтай азайтты. Мәселен, 2018 жылы жалпы электр қуатын тұтыну мөлшері 2 мың тераджоулге қысқарды.

Орнықты даму жөніндегі есептің толық мәтінін мына сілтемеге өтіп таныса аласыз — Еrg.kz

ERG-дің Орнықты даму саласындағы жетістіктері

  • 2025 Стратегиясын іске асыру басталды.
  • Standard&Poor’s және Moody’s несие рейтингтерін жоғарылатты.
  • Қазақстандағы операцион тиімділік әсері — $91,7 миллион.
  • Ақсу ферроқорытпа зауытындағы №64 балқыту пешін қайта құрылымдау нәтижесінде пештің өнімділігі 50% артып, электр қуатын тұтыну мөлшері 20% төмендейді деп болжанып отыр. Пеш 2019 жылдың шілдесінде іске қосылды
  • Қазақстандағы жалпы электр қуатын тұтыну мөлшерін 2000 ТДж төмендетуге сеп болар энергетика тиімділігін арттыру бастамалары қолға алынды.
  • Жобаларды тиімді басқару үшін ERG Capital Project компаниясы құрылды.
  • Қазақстандағы қызметкерлерді оқыту мен олардың біліктілігін арттыруға $5 миллион бөлінді.
  • Қазақстандағы таланттарды басқару жобалары: «ERG-дің жас көшбасшылары», «Кәсіби мамандар лигасы», «Инноваторлар форумы».

Жергілікті қауымдастықтарды дамыту мен олардың әл-ауқаты

  • Қазақстандағы «Студенттер кәсіпкерлігінің экожүйесі» бағдарламасына қатысушылар саны — 5000.
  • Қазақстанның шалғай қалаларында 9000 оқушыға арнап, 11 STEM-зертхана салуға ERG $235 мың жұмсады. Бағдаралама мемлекеттік білім беру мекемелері және қайырымдылық ұйымдарымен бірлесе отырып, жүзеге асырылып жатыр.
  • Қазақстандағы жергілікті өндірушілерден сатып алулар — $918 миллион.
  • Әлеуметтік инвестициялар — $108 миллион.
  • Стратегиялық серіктестермен әріптесе отырып, Қазақстандағы «ақылды қалаларды» қолдау.

Экология саласындағы тиімді басқару

  • Қазақстанда атмосфераға шығарылатын ластаушы шығарындылар көлемін азайтуға бағытталған ұзақмерзімді Стратегия әзірлеу және ауа сапасына мониторинг бағдарламасын жүзеге асыру;
  • 24,7Мт CO2e парник газ шығарындылары;
  • 275 596 ТДж электр қуатын тұтыну;
  • 2000 ТДж Қазақстандағы жалпы электр қуатын тұтыну мөлшерін төмендету;
  • ERG-дің «Қалдықты кіріске айналдыру» бағдарламасы: жалпы сомасы $9 млн 158 мың тонна қалдық сатылған.