Қасым-Жомарт Тоқаев Ашхабадқа барды

Қазақстан Президенті Түрікменстан басшысы Гурбангулы Бердімұхамедовпен кездеседі деп жоспарланған.

ТМД елдері басшыларының саммитінде Мемлекет басшысы ұйымды одан әрі дамыту бойынша көзқарасын білдіріп, Достастық елдерінің өзара экономика байланыстарын арттыру шаралары бойынша нақты ұсыныстарын айтпақ.

Кеңес отырысының қорытындысы бойынша Ашхабадта бірқатар көпжақты келісімге қол қойылады. Жеңістің 75 жылдығына орай, ТМД халқына және әлемдік қоғамдастыққа Үндеу жарияланбақ.