Басты бетЖаңалықтарАлмалы ауданының...

Алмалы ауданының әкімі зейнеткерлерді мерекемен құттықтады

Аудан басшысы еңбек майданының қатысушысы Әріпхан Азтаев пен Алматы қалалық кеңесі атқарушы комитетінің бұрынғы хатшысы Людмила Артамонованың отбасында болды. Қазір Людмила Артамонова — қалалық ардагерлер кеңесі пленумының мүшесі.

Алмалы ауданының баспасөз қызметінің мәліметінше, ауданда 36 мың 154 зейнеткер тұрады. Олардың 53-і — Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, 548-і Екінші дүниежүзілік соғыс қатысушыларына теңестірілген, 2808-і — еңбек майданының қатысушысы. 500-ден астам жалғызбасты зейнеткер мен мүгедектігі бар егде азаматқа үйде әлеуметтік қызмет көрсетіледі.

Халықаралық Қарттар күніне орай Алмалы ауданындағы қарттар айлығы аясында егде жастағы азаматтарды тетар мен кинотеатрға апару, үйде медициналық көмек көрсету және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады. Шаралар туралы ақпаратты 261-51-20, 272-36-92 телефон нөмірлері арқылы алуға болады.