Алмалы ауданының баспасөз қызметінің хабарлауынша, айлық қарт адамдардың белсенді және салауатты ұзақ өмір сүруіне лайық жағдай жасау мақсатында ұйымдастырылған.
Айлық аясында аудан емханаларында Ашық есік күндері өтіп жүр. Егде жастағы азаматтар тексеруден өтіп, маманнан кеңес ала алады. Ал ауруханаға бара алмайтын қарттардың үйіне Екінші дүниежүзілік соғыс ардагерлерінің қалалық емханасының қызметкерлері барып, кешенді медициналық тексеруден өткізді.
Науқастарға невропатолог, терапевт, хирург, психолог кеңес беріп, экспресс диагноз қойды.