Аудан әкімінің баспасөз қызметі айлық аясында аудан басшысы Бекқали Торғаев ауданның Екінші жүниежүзілік соғыстың ардагерлеріне, зейнеткерлеріне арналған салтанатты қабылдау өткізгенін хабарлады. Аудан әкімі қонақтарды атаулы күнмен құттықтады.
«Қарты бар үйдің қазынасы бар» дегендей қарияны аялау, үлкенді құрметтеу — біздің санаға сіңген міндет. Сіздер ел ертеңі мен ұрпақ келешегі үшін күш-жігерді аямай, қажымай еңбек еттіңіздер. Бұл — бойдағы Отанға деген құрметтің көрінісі. Әрдайым қариялық ақыл-кеңеспен, ортаға өнеге болып, жас ұрпаққа бағыт-бағдар беріп, қоғамның дамуына үлес қосып келесіздер. Сол үшін сіздерге деген алғысымыз шексіз, — деді Бекқали Торғаев.
Шарада ауданның ардагерлер кеңесінің төрағасы Жақсылық Әмірханов пен Екінші дүниежүзілік соғыс ардагері, қалалық ардагерлер кеңесінің төрағасы Еренғайып Шайхутдинов ізгі тілегін білдірді.