Бақытжан Сағынтаев Алматының үздік ұстаздарын марапаттады

Құттықтау сөзінде Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев мұғалім тәрбиелеген жас ертең қаланың дамуына креатив идея қосатынын атап өтті.

Халқымыздың қаһарман батыры Бауыржан Момышұлы: «Өмірге ұрпақ әкелген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солдай ардақтауға міндеттіміз», — деген екен. Жастар тәрбие мен білім беру ісін таразының басындай тең ұстап, креатив идеяларымен қаланың білім саласының дамуына өз үлестерін қосады деп сенеміз, — деді Бақытжан Сағынтаев.

Қалада 400-ден астам білім беретін мекеме бар. Онда 32 мыңнан астам педагог еңбек етеді. Республикалық ұстаздар байқауына Алматыдан төрт мұғалім қатысқан. Оларға қала басшысы бағалы сыйлықтар табыстады. Ал педагог Жанар Құсайынова 2019 жылдың үздік мұғалімі атанды.

Айта кетейік, келесі жылдан бастап Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаевтың бастамасымен қалалық деңгейде үздік мұғалімдер байқауы өткізілмекші. Мықты маманға көлік табысталады.

ДереккөзEgemen.kz