Алматыда Шерхан Мұртазаға арналған турнир өтіп жатыр

Жарысқа республикамыздың бірқатар аймақтарынан келген 30-ға жуық телевизия мен баспасөз өкілдері қатысып жатыр.

Жарыстың ашылу салтанатында Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев журналистерге сәттілік тіледі.

Шерхан ағамыз шерткен сырлы естеліктері әлі күнге дейін көңілімізде қаттаулы. Қаламгердің мірдің оғындай қылып айтқан әрбір сөзі күні бүгінгідей құлағымызда. Жазушылық қырынан бөлек, қайраткерлігімен де ел есінде қалған ерен тұлғаның есімін ардақтау біздер үшін ұлы парыз деп білеміз. Асыл ағамыздың арамыздан кеткеніне бір жыл болды. Шерхан Мұртаза тұрған үйдің қабырғасына ілінетін ескерткіш тақта дайын, — деді қала әкімі.

Жарыс  жеңімпаздары мен жүлдегерлері санаулы сағаттан кейін белгілі болады.

ДереккөзEgemen.kz