Нұр-Сұлтан тұрғындары тарихи нысандарды тегін аралайды

Экскурсияны қаланың «Рухани жаңғыру» жоба кеңсесі  ұйымдастырып отыр. Мақсаты — елорда аумағындағы тарихи жерлерді халыққа кеңінен насихаттау.

Астаналықтар «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» жобасына енген жеті  және басқа да тарихи нысандармен танысады. Атап айтқанда,  «АЛЖИР» саяси қуғын-сүргін және тоталитаризм құрбандарын еске алу мемориал музей кешенін, көпес Василий Кубриннің үйін, «Кубрин мен ұлдары» көпестер серіктестігінің сауда үйін, Көпес Павел Силиннің тұрғын үйін,  «Жасыл» мешітінің қоршауын, бұрынғы мұсылман мектебін, қала басқармасының ғимараты мен тағы басқа тарихи ғимараттарды аралайды, — деп жазылған ресми сайтта.

Жоба Елбасының «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» мақаласындағы «Қазақстанның қасиетті жерлері» жобасы негізінде жүзеге асырылып отыр.

Экскурсияға қатысу үшін ұйымдастырушыларға алдын ала хабарласып, өтініш беру керек. Толық ақпаратты +7 701 569 51 08,  +7 747 251 07 01 нөмірлеріне хабарласып білуге болады. Экскурсия әр сәрсенбі сайын сағат 10.00-де басталады. Қатысушылар Отырар көшесі, 1/2-үй мекен жайында орналасқан бұрынғы мұсылман мектебінің жанына жиналады.