Басты бет Жаңалықтар Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына барды

Дариға Назарбаева Батыс Қазақстан облысына барды

Сенат төрағасы мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездеседі.

Фото: Senate.parlam.kz

ҚР Парламенті Сенатының төрағасы Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Батыс Қазақстан облысына барды. Бұл туралы Парламенттің баспасөз қызметі хабарлады.

Дариға Назарбаева облыстық мәслихат депутаттарымен, қоғамдық кеңес мүшелерімен кездесуді жоспарлап отыр. Сонымен бірге кәсіпкер әйелдер қауымдастығының өкілдерімен және ұлттық мәдени орталық басшыларымен кездеседі.

Айта кетейік, бұған дейін Дариға Назарбаева жұмыс сапарымен Ақтөбе облысына барды. Сенат төрағасы Nur Otan партиясының облыстық қабылдау бөлмесінде қоғамдық ұйым өкілдерімен кездесті.

Дариға Назарбаева мемлекеттік басқару ісі мен республика, облыс деңгейіндегі үкіметтік басқару органдарына әйелдердің көп араласу керек екенін айтты. Сонымен бірге Сенат төрағасы отбасы тұжырымдамасы мен гендер саясатына қатысты жаңа жобалардың талқыланып жатқанын айтты.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version