Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр мен Сенат төрағасын қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр мен Сенат төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Премьер-министр Асқар Мамин мен Парламент Сенатының төрағасы Дариға Назарбаеваны қабылдады.

Қасым-Жомарт Тоқаев. Фото: Akorda.kz

Премьер-министр Асқар Мамин Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлеуметтік-экономикалық дамудың өзекті мәселелері, шетелдік инвестицияларды тарту барысы, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобаларын іске асыру, өңірлерді дамыту жөнінде қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.

Ақорданың баспасөз қызметінің хабарлауынша, Асқар Мамин Президентке 2019 жылға арналған республикалық бюджетті нақтылау жобасы жайында да ақпарат берді. Мемлекет басшысы Премьер-министрге қазан айының ортасында өтетін экономикалық даму мәселелеріне арналған Үкіметтің кеңейтілген отырысына дайындық жұмысын бастауды тапсырды.

Сенат төрағасы Дариға Назарбаева Президентке Парламенттің жоғары палатасы жұмысының жай-жапсары мен заң шығару қызметінің жоспары туралы айтты. Президент Жолдаудың негізгі бағыттарын сапалы заңнамамен қамтамасыз етудің маңызын атап өтті.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version