Баянауылда 500 адам өрт сөндіріп жатыр

Жедел мәлімет бойынша, үш елді мекен аумағында өрт сөндірілген, зардап шеккендер мен қаза тапқандар жоқ. Тағы екі жерде өрт ауыздықталды. Павлодар облысының әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, Баянауыл ұлттық саябағында таулы аймақта өрт сөндіріліп жүріп жатыр.

Орман даладағы өрттің шығуына соңғы күндері ауа райының тым жоғары болуы айтарлықтай әсер етті. Жел секундына 20-24 метрге дейін соғып, жағдайды ушықтырған. Кешеден бері 120 арнайы техника мен Төтенше жағдай департаменті, ұлттық саябақ және еріктілерден құрылған 500 адам жұмылдырылған, — деді департамент басшысы Ернұр Өтегенов.

Қазіргі уақытта өртпен күреске үш тонналық цистернамен жабдықталған әуе техникасы жұмылдырылды. Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметінше, өртті қолайсыз аймақта сөндіріледі.