Instagram мекенжайды көрсететін мессенджерді іске қосты

Instagram «ең жақын достармен» фото, видео, хат алмасуға мүмкіндік беретін Threads мессенджерін таныстырды.

Threads жақын достар тобымен араласу — қалаған адамға ғана көрінетін әлеуметтік желідегі сториз, фото, видео алмасу функциясы былтыр қосылған болатын. Мұндағы басты назар визуал қарым-қатынасқа бағытталған — сіз Threads бағдарламасын іске қосқан кезде бірден камера экраны ашылады.

Механика мынадай: суретке түсіп, хат алушы адресаттың суретін басып, хатты жолдау үшін жоғары свайп жасайсыз. Интерфейс бүкіл процестің мүмкіндігінше интуитив және аз уақыт алатындай жұмыс істейді.

Экранның тағы бір ерекшелігі — эмоджилерді таңдап, қалаған сөздерді жазуға болады. Оны достарыңыз статусыңыздан көре алады. «Статуста» мессенджердің ең даулы мүмкіндігі — достарыңызға нақты уақытта мекенжайыңызбен бөлісу мүмкіндігі бар.

Threads-ті App Store мен Google Play арқылы жүктеуге болады.

ДереккөзVesti.ru