Илья мен Ольга

— Елестетші, — деп бастады ол, — жүрегіме бір тілек, санама бір ой маза бермейді, бірақ тілім бағынар емес: сөйлегім келеді, айта алмаймын. Ал ол жай ғана, жай… Маған көмектесші, Ольга.

— Мен сенің ойыңда не бар екенін білмеймін…

— Құдай үшін, бұлай істемеші: сенің тәкаппар көзқарасың мені өлтіріп барады, әр сөзің аяз сияқты қариды.

Ол күліп жіберді.

— Есіңнен ауысқан екенсің! — деді ол қолын оның басына қойып тұрып.

— Міне, осылай, міне, тілімнің күрмеуі шешілді! Ольга, — деді ол оның алдына тізе бүгіп, — менің әйелім болшы!

(Иван Гончаров, «Обломов»)

Кристиан мен Анастейша

Кристиан мен Анастейша
Фото: Livelib.ru

Ана, сен маған қымбатсың. Мен үйлену туралы шын айтып тұрмын. Саған қамқор боламын, біз бір-бірімізді жақсырақ білетін боламыз. Сен маған қамқор боласың. Қаласаң, балаларымыз да болады. Мен бүкіл әлемді сенің аяғыңның астына салып беремін, Анастейша. Cені тұтас, жаның мен тәніңді қатар мәңгіге қалаймын. Менің ұсынысым туралы жақсылап ойланшы, өтінемін.

(Эрика Джеймс, Fifty shades darker)

Пьер мен Наташа

Пьер мен Наташа
Фото: Proza.ru

Егер мен мына мен болмағанымда, әлемдегі ең әдемі, ең ақылды, ең керемет адам және еркін болғанымда, бірден тізерлеп қолыңыз бен жүрегіңізді сұрар едім.

(Лев Толстой, «Война и мир»)

Владимир мен Ольга

Владимир мен Ольга
Фото: Дарья Пичугина

— Ольга, менің өмірлік жарым болыңызшы. 

— Бұл — өте орайы келіп тұрған нәрсе, Владимир. Бүгін таңертең біздің үйде қыс бойы жылу болмайтынын білдім. Егер сіздің ұсынысыңыз болмаса, желтоқсанда сөзсіз мұзға айналып кетер едім. Сіз хоккей ойнауға болатын төсекте жалғыз жату туралы елестете аласыз ба?

— Сонымен…

— Мен келісемін.

(Анатолий Мариенгоф, «Циники»)

Мистер Рочестер мен Джейн

Мистер Рочестер мен Джен
Фото: Mamawow.com.ua

— Сені — ғажап тіршілік иесін әлемдегі барлық нәрседен артық сүйемін. Сені — өзің айтқандай бейшара және қарапайым, мына сені — көріксіз ақымақты. Маған тұрмысқа шығуыңды өтінемін.

— Қалайша? Мені? — дедім оның сөздерінің рас екеніне сеніп, оның шынайы әрі анық екеніне көзім жетті. —Мені? Мына әлемде сізден басқа досы жоқ, егер сіз маған дос болсаңыз; сіздің бергеніңізден артық бір тиыны да жоқ мені ме?

— Сені, Джен. Сен менікі болуың керек, толықтай менікі. Қалайсың ба? Тезірек «иә» деп айтшы!

(Шарлотта Бронте, «Джен Эйр»)

Роберт пен Соня

— Мынау — менің тойға сыйлығым, — деді ол. — Мен сізге ұсыныс жасауға келдім.

(Людмила Улицкая, «Сонечка»)