(+) — бұл белгі екі немесе одан да көп сөздерді іздегенде қолданылады. Мысалы, Ойыл+Ақтөбе+Оразалин. Егер осындай комбинацияны қолдансаңыз, іздеу жүйесі сізге аталған үш сөз қатар немесе осы сөздерге қатысы бар барлық мәліметті тауып береді.
(-) — бұл белгі керісінше, қажет емес сөзді көрсетпейді. Мысалы, Қазақстан -Назарбаев. Іздеу жүйесі «Назарбаев» деген сөзі жоқ, Қазақстан туралы барлық мәліметті шығарады. Бұл белгіні қолданғанда бос орынға мән беріңіз.
(«») — іздеу нәтижесі тек тырнақша ішіндегі сөзге қатысы бар мәліметті табады. Мысалы, «Абай Құнанбаев». Сонда тек осы екі сөз бірге қолданылған мәліметтер шығады. Егер тырнақша жазылмаса, іздеу жүйесі сөздерді жеке-жеке іздейді.
(*) — мұны белгісіз сөздің орнына қолдануға болады. Мысалы, «Махаббат жасқа *». Сонда іздеу жүйесі нақты көрсетілген тіркестің жанындағы сөзді тауып береді.
(OR) — көрсетілген сөздердің бірі кездескен мәліметтерді тауып береді. Мысалы, Астана OR Нұр-Сұлтан.
(Filetype: ) — нақты бір файл түріндегі мәліметті іздеу операторы. Мысалы, filetype:pdf, filetype:xlsx, filetype:kml. Іздеу жүйесі тек көрсеткен файлдағы мәліметті табады. Мысалы, «Қазақстан халық саны» filetype:xlsx.
(Site: ) — нақты бір уебсайттағы мәліметті табуға көмектеседі. Мысалы, «Нан бағасы» site:stat.gov.kz. Іздеу жүйесі көрсетілген сайттағы «нан бағасы» деген сөз жазылған жерді табады. Бұл операторды нақты сайтқа емес нақты доменге қатысты іздесеңіз де болады. Мысалы, Бөкейханов site:.ru. Сонда ru домені бар сайттардағы барлық мәлімет шығады.
(Intitle: ) — тақырып бойынша іздеуге көмектеседі. Мысалы, Intitle:»Туған жерім — тұғырым». Іздеу жүйесі «Туған жерім — тұғырым» тақырыбындағы мәліметтерді шығарады.
(Inurl: ) — бұл оператор арқылы нақты бір сөзді URL адресінен табуға болады. Мысалы, Inurl:forum. Сонда forum сөзі кездескен барлық URL адрес шығады.
Бұл операторларды қолданғанда бос орын қалдырмау керек. Әр белгінің жазылуына мұқият мән беріңіз.