Басты бет Жаңалықтар Нұр-Сұлтанда волонтерлар қарттарға азық-түлік толы себет таратты

Нұр-Сұлтанда волонтерлар қарттарға азық-түлік толы себет таратты

"Астана жастары" волонтерлар тобы мен қала меценаттары Халықаралық қарттар күніне орай "Ардагерлерді аялайық" және "Қамқорлық мекенжайы" атты акцияны өткізіп жатыр.

Фото: Elorda.info

Акция аясында волонтерлер азық-түлік толы себеттерді жалғыз тұратын зейнеткерлерге, мүгедектігі бар қарттарға, тыл еңбеккерлері мен Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне берді.

Айта кетейік, бұл шара осыған дейін де өткізілген. Cоңғы екі ай ішінде 80-нен астам себет таратылды.

Волонтерлар «Еріктілер мектебінде» команданы құру және түрлі білігін арттыру бойынша білім алады. Қазір орталықта 300 волонтер бар. Олар халықаралық және қала деңгейіндегі әлеуметтік және экология шараларына қатысады.

Волонтер, қарттар күні
Фото: Elorda.info

Халықаралық қарттар күніне орай қарияларға азық-түлік таратып жатырмыз. Бұл акция жыл бойы ұйымдастырылады. Ал  оған керек қаржыны қала әкімдігінен алмаймыз. Оны қайырымды жандар жинайды. Ниет білдірген кісілер орталыққа мүмкіндігіне қарай ақша аударады. Біз оны теңдей бөліп, таратамыз, — деді «Астана жастары» еріктілер қозғалысын дамыту бөлімінің маманы Айзат Әли.

Фото: Elorda.info

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version