Басты бет Жаңалықтар Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялады

Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялады

Мемлекет басшысы Үкіметке Волонтер жылын өткізу бойынша қажет шаралар қабылдауды, Президент Әкімшілігіне оның орындалуын қадағалауды тапсырды.

Қасым-Жомарт Тоқаев "Волонтерлық – жастардың әлеуметтік лифті" форумында. Фото: Аkorda.kz

Қасым-Жомарт Тоқаев 2020 жылды Волонтер жылы деп жариялау туралы жарлыққа қол қойды. Құжат Ақорданың сайтында жарияланды.

Волонтерлықты дамыту мақсатында қаулы етемін: 2020 жыл Волонтер жылы деп жариялансын. Қазақстан Республикасының Үкіметі Волонтер жылын өткізу бойынша қажет шаралар қабылдасын. Осы жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін, — делінген Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жарлығында.

Президент жарлығы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

Еске салайық, 2018 жылдың қараша айында Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев VIII Азаматтық форумда волонтерлар қозғалысына қолдау көрсету бағдарламасын кеңейту үшін шаралар қабылдауды тапсырған еді. Оның айтуынша, EXPO-2017 көрмесі мен XXVIII Қысқы Универсиаданың өткізілуі барысында волонтерлар қызметіне сұраныс бары анық көрінді.

Бұдан соң 2019 жылдың сәуір айында Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Алматыда волонтерлар қозғалысын қолдап, дамыту туралы айтты. Бір айдан кейін ол осы жыл Қазақстандағы волонтерлықтың дамуындағы ерекше кезең екенін мәлімдеді.

Бірінші болып пікір қосыңыз!

Пікір қосу

Қалдыратын пікіріңізді осында жазыңыз!
Есіміңізді жазыңыз!

Exit mobile version