Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразия экономика кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Арменияға барды. Бұл туралы Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли Facebook парақшасында жазды.
Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Жоғары Еуразия экономика кеңесінің кезекті отырысына қатысу үшін Армения Республикасының астанасы Ереванға келді», — деп жазды Берік Уәли.
Мемлекет басшылары жиын кезінде Еуразия экономика одағы аясындағы мемлекетаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылайды. Сонымен бірге Қазақстан Президенті бірқатар екіжақты кездесу өткізуді жоспарлап отыр.