— Назерке Медетқызы, жылдам оқу үшін не істеу керек?

— Бұл қабілет күнделікті оқығанымызға қарағанда тез оқу дегенді білдірмейді. Жылдам оқу – оқығанды түсініп, есте сақтау. Оны үйрену үшін, ең алдымен, миды дамыту қажет. Сонда жылдам оқып қана қоймай, күнделікті өмірде, жұмыста кез келген мәселенің шешімін тауып, тез ойлануды үйренесіз.

Барлық нәрсені оң қолмен немесе сол қолмен жасаймыз ғой. Сол сияқты миымыздың бір бөлігі ғана жұмыс істейді. Ең алдымен, оңды солға немесе солды оңға алмастырып үйреніңіз. Мысалы, таңертең тісіңізді оң емес, сол қолмен жуып көріңіз. Сол қолмен жазып үйреніңіз. Осындай қарапайым әдістер арқылы мидың екінші бөлігін жаттықтыруға болады.

Назерке Құлжабай
Назерке Құлжабай. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Жылдам оқуды аз уақыт ішінде үйренгісі келетіндер қателеседі. Себебі бұл көп еңбек пен уақытты талап етеді. Жапон ғалымы Рюта Кавашиманың «Тренируем мозг» кітабында ұсынылатын әдіс — есеп шығару. Миды жаттықтырып тұрмасақ, егде жаста ми әртүрлі ауруға шалдығуы мүмкін.

Бүгінгі таңда электрон есептеуіш құрылғы өмірді жеңілдете түсті. Үнемі оңай жолды іздейміз.  Сондықтан жылдам оқу үшін қарапайым есептерді минутқа шығарып үйреніңіз. Есептер оңай болса да, минутқа шығарғанда кедергілерге тап боласыз.

Мидың дамуына әсер ететін келесі әдіс — саусақтарды жаттықтыру. Басында оны баяу жасасаңыз да, уақыт өте әдетке айналдырып аласыз.

Саусақ пен мидың байланысы
Саусақ пен мидың байланысы. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Бас бармақ пен сұқ саусақты кезек-кезек алмастыру жылдам оқуға көмектеседі.

Саусақ пен мидың байланысы
Саусақ пен мидың байланысы. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Саусақ жаттығулары күрделене түседі. Бас бармақ пен сұқ саусақты алмастыру арқылы мидың барлық бөлігінің жұмыс істеуіне жәрдемдесеміз.

Саусақ пен мидың байланысы. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Осы қимылды керісінше жасаймыз. Жылдам жасап үйренсеңіз, жылдам оқуға, мидың тез шешім қабылдауына пайдасы болады.

Саусақ пен мидың байланысы. Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

«Мәтінді бірнеше рет оқығаннан кейін ғана түсінемін» деген адамдардың миын бір оқығаннан түсінуге үйрету керек. Жылдам оқудың ережесі — бір оқыған мәтінге қайта оралмау. Миға қайта-қайта оқуға мүмкіндік бермеңіз.

— Техникаларды меңгергеннен кейін кітап оқу жылдамдығы қалай артады?

— Бұл техникаларды үйренгеннен кейін кітап оқуға деген ыңтаңыз арта түседі. Себебі үш күн оқитын кітабыңызды үш сағатта бітіре аласыз. Мимен дұрыс жұмыс істегеннен кейін кітапта жазылған дәйексөздерді ұмытпайтын боласыз. Кітапты оқып қана қоймай, оның мағынасын түсіну деңгейіңіз арта түседі. Тез шешім қабылдап, сенімен әңгімелесудің қызық екеніне қуана бастайсың. Тағы бір артықшылығы — қатарластарыңнан ақылдырақ және табыстырақ болуың.

Кітап, оқу
Фото: Айгүл Хожантаева/Baribar.kz

Тез оқыған сайын жылдам ойлана бастайсың. Кез келген нәрсені жылдам орындаған соң кемшіліктер де пайда бола бастайды. Мысалы:
— асықпай сөйлейтін адамдар ашуға тие бастайды;
— видеоларды қалыпты жылдамдықпен көру ыңғайсыз болады. 1,5 немесе екі есе жылдамдыққа қойып көре бастайсыз;
— екі-үш секундта оқитын мәтінді аудио жазбамен ұзақ айтатындар ұнамайтын болады;
— көзің түскен мәтіннің барлығын оқи беретін боласың.

— Жылдам оқу көзге зиян емес пе?

— Керісінше, жылдам оқу көзге пайдалы. Жылдам оқығаннан гөрі асықпай оқығанда көз тез талады. Жылдам оқу кезінде уақытты ұтымды пайдалана аласыз. Бір сағат оқығаныңызды жарты сағатта оқып бітіре аласыз. Көздің ауырмауына көмектесетін құрал — қалам. Қаламның көмегімен уақытты үнемдеп, мәтіннің әрбір жолында қателеспеуге болады.

Мидың жұмысын жақсартуға арналған тағы бір жаттығу — тест струпа. Мақсаты — түстерді атау. Мысалы, «қызыл» деп жасыл түспен жазылған. «Көк» деп ақ түспен. Түстерді жылдам оқып, тез ажырата білу арқылы миымыздың екі жарты шарының жұмысын жақсарта аламыз.

Кітапты оқу үшін оқу дұрыс емес. «Алиса ғажайыптар елінде» фильмінде  қыздың мысықпен сөйлескені осыған жақсы мысал болады. Алиса:
— Мысық, мен солға бұрылайын ба? Әлде оңға бұрылайын ба?
— Ал саған қайда бару керек?
— Маған бәрібір.
— Онда қайда бұрылсаң да, бәрібір емес пе?

Сол сияқты кітап оқығанда дұрыс мақсат қойылмаса, оқылған ақпарат бірден ұмытылады. Біліктілігімді арттырамын деген сенім болғанда ғана алған ақпарат құнды болады. Жылдам оқу миға тікелей байланысты. Мидың жұмысы жақсы болса, өміріңіз де жақсы жаққа өзгеретіні сөзсіз.

— Пайдалы ақпаратыңызға рақмет!