Америкалық дәрігерлер қазақстандық балаларға тегін пластикалық ота жасайды

Ота жасау қараша айына жоспарланған. Оған дейін америкалық дәрігерлер еліміздің әр аймағынан келген 80-ге тарта баланы алдын-ала тексерістен өткізіп жатыр. Айта кетейік, жобаның ұйымдастырушысы «Асыл бала» қауымдастығы мен АҚШ-тың «University Medical Center» корпоративтік қоры.

АҚШ-тың «Өзара жәрдемдесу халықаралық тобының» директоры Лариса Мейсонның айтуынша, америкалық дәрігерлер нақты бір салаға ғана маманданған. Құлақ жарғағын емдейтін дәрігер беттегі ісікті қарамайды. Отаға қажетті құрылғылар қараша айында жеткізіледі.

Аталған жоба әлемнің өзге елдерінде де жүргізілген.

ДереккөзBAQ.kz