Қасым-Жомарт Тоқаев Goldman Sachs компаниясының президентімен кездесті

Кездесуде компанияның Қазақстандағы қызметінің негізгі бағыты, оның ішінде «Астана» халықаралық қаржы орталығының шеңберіндегі ынтымақтастық мәселесі талқыланды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Дэвид Соломонға компаниясының Қазақстандағы жекешелендірудің кешенді жоспарын іске асыруға қатысқаны және 2018 жылы “Астана” халықаралық қаржы орталығы биржасы акционерлерінің қатарына кіргені үшін алғыс айтты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Goldman Sachs компаниясымен АХҚО-мен өзара іс-қимыл аясын кеңейту және қазақстандық компаниялардың IPO-ға шығуына жәрдемдесу мәселелерінде тығыз жұмыс істеуге ниет білдірді.