Қаржы министрі әйелдердің зейнет жасын төмендету туралы ұсынысқа пікір білдірді

Премьер-министрдің бірінші орынбасары — қаржы министрі Әлихан Смайылов Қазақстандағы әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету туралы ұсынысқа пікір білдірді.

Біз жақында әйелдердің зейнетке шығу жасын әр алты сайын 10 жылдың ішінде 58-ден 63 жасқа дейін ұлғайту туралы өзгертуді қабылдадық.  Қазіргі уақытта бұл стандарттар жүзеге асып жатыр, — деді Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, әрбір ұсынысты тиісті мемлекеттік орган қарайды.

Әлемде кері процесс жүріп жатыр, әйелдер 65-67 жаста зейнетке шығады. Өйткені әлем бойынша халықтың өмір сүру деңгейі мен ұзақтығы артып, жақсарып келеді. Барлық ұсыныс біздің назарда. Соның ішінде біз зейнетке шығу жасын төмендетуді де қарастырамыз, бірақ әлем бойынша өмір сүру ұзақтығы өсіп жатыр. 65 жастан асқан адамдардың үлесі көбейді, біз жеті проценттік шекті еңсердік. БҰҰ стандарты бойынша бұл халықтың қартаюы деп есептеледі. Жыл сайын бізде қартайған адамдардың саны көбейіп жатыр. Егер біз зейнетақы жүйесінің тұрақты әрі зейнеткерлердің жақсы өмір сүруін қамтамасыз етуін қаласақ, онда біз бүкіл жүйенің тұрақтылығына назар аударуымыз керек, — деді Премьер-министрдің бірінші орынбасары.

ДереккөзTengrinews.kz